Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, туристің тауда адасып кеткені туралы ақпарат кезекші бөлімге 13 мамырда кешкі сағат 20.30-да түскен.
«Оқиға орнына 1 техникамен жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері келіп жетті. Олар іздестіру шараларын 14 мамыр күні таңғы сағат 05.30-да бастап, сағат 09.05-те жігіт табылды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, өңірлік жедел құтқару жасағы күні кеше ғана тауда адасып кеткен екі жігітті құтқарған болатын. Кейіннен екі студенттің де жағдайлары қалыпты екені анықталды. Тауға серуендеп шығып, жолды таппай қалған.