Мұндағы құдықтағы су аяқ астынан ыстық болды. Үйдің иелері құдықты үш жыл бұрын қазған болатын, оның тереңдігі 12 метр. Суды жоғарыға қарай сорғымен тартқанда ол кенеттен ыстық болып кетті. Бұл ретте құдық суының температурасы 25-30 градусты құрайды.
Сондай жағдай ауданның бір ғана үйінде байқалуда. Жергілікті тұрғын Исабек Қожахметов бұл өзгеше құбылыстың себебін түсіндіру үшін мамандарға жүгінбекші.
Құдық иесі өз пайымын алға тартты. Оның айтуынша, бұл ресейлік Челябіде метеориттің құлауымен байланысты оқиға болуы мүмкін.