Аймақ басшысының тапсырмасымен негізгі жұмыстар қаланың архитектуралық келбетін жақсартуға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталып отыр.
Мәселен, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойына 100 мыңға жуық көшет отырғызалады деп жоспарланған. Қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Оңтүстік жолдары» кәсіпорнының тарапынан жолдар бойына 9 мыңға жуық көшет отырғызылды.
Сондай-ақ, басқарманың ұйытқы болуымен алдағы уақытта қосымша 10 мыңнан астам көшет егілмекші. Осылайша Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен барлық аудандардағы жол бойлары болашақта жасыл желекпен толыға түседі деп күтілуде.