ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай, өңірден елордаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.
Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 теңге бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс, 15 тонна басқа да өнімдер бар.
Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны - 100,8 млн теңге. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.