ОҚО имамдары су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге гуманитарлық көмек жіберді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  ОҚО имамдары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ағайынға қолұшын созу үшін арнайы акция ұйымдастырды.



«Оңтүстік асары» атты қайырымдылық шарасына дін өкілдері мен мешітке келуші жамағат қатысып,азық-түлік пен киім-кешек және қаржылай көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Өңірдің дін өкілдері ұйымдастырған акцияға иманы берік жамағаттан жиналған  1 млн 60 мың теңгенің заттары жиналды. Арнайы жүк көліктеріне тиелген 7580 тонна азық-түлік,  144 литр өсімдік майы, қажетті киім-кешек, басқа да тұрмыстық бұйымдар, тиелген керуен  Ақтөбе облысы тұрғындарына аттанып кетті.

«Оңтүстік асары» атты үлкен бастама аясында бір айға жуық жиналған азық-түлік, киім -кешек бар керуен Ақтөбе облысына аттанып жатыр. Ол жақтағы халыққа айтарымыз, әр уақытта сабырлы болсын. Біз олармен әрқашанда біргеміз. Осы шараға үлес қосқандарға Алланың нұры жаусын»,-деді ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

 Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылар енді тағы бір акция өткізіп, гуманитарлық көмекті  қызылсудан жапа шеккен қарағандылықтарға жөнелтпекші.