ОҚО ішкі саясат басқармасының бастығы тағайындалды

None
ШЫМКЕНТ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде кадрлық ауыстырулар болды - ОҚО ішкі саясат басқармасының бастығы болып 45 жастағы Гүлмира Тағаева тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Тағайындауға ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов қол қойған. Гүлмира Жапбарқызы Тағаева ауыстыру тәртібінде 2012 жылдың 5 сәуірінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды», - деп түсіндірді әкімдіктен.

Жаңа тағайындауға дейін Г.Тағаева ОҚО Қазығұрт әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Бұған дейін ішкі саясат басқармасының бастығы болған Батырбек Жалмырзаев 2 сәуірден бастап ОҚО бойынша дін істері департаментінің жетекшісі қызметіне ауысты.