Өтініш берілмеген жүк кедендік тексеру барысында анықталды, деп хабарлады КБД-нің баспасөз қызметі.
«Сарығаш» теміржол стансасында кедендік қосымша тексеруді іске асыру үшін контейнермен бірге теміржол платформасы қоршауға алынды. Жіберуші - «Слава Матар Трейдинг» (БАӘ, Дубай қ.), ал «АВС PLUSLTD «Туристер үшін»» (Қырғызстан Республикасы, Бішеке қ.) компаниясы қабылдап алушы болып табылады.
«Кедендік тексеру кезінде контейнерде тасымалдауға рұқсат берілген құжаттың ішінде белгіленбеген тауарлар анықталды, атап айтқанда 16 дана «Panasonic» маркалы бейнекамералар, 3 дана жазу құрылғылары (диктофондар), сондай-ақ араб тілінде 24 түрлі 2051 діни кітап анықталды», - деді Ю. Қаюпова.
Теміржол вагонында табылған кітаптардың мазмұнын анықтау және олардың экстремистік әдебиетке қаншалықты қатысы бар екендігін білу мақсатында ОҚО бойынша діни істер жөніндегі департаментке өтініш жіберілді.