Олардың 8-і «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша, 1-еуі - кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару, тағы біреуі - «Есірткі заттарының контрабандасы» бабы бойынша қозғалды, деп хабарланды департаменттің баспасөз қызметінен.
«Айта кетейік, 5 айдың ішінде қылмыстық істер бойынша өтелген шығындардың сомасы 54 млн. 784 мың теңгені құрады. Соттың үкімімен мемлекеттің кірісіне 11 млн. 25 мың теңгенің тауары тәркіленді», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Баян Қайыпова.
Оның мәліметтеріне көз жүгіртсек, 5 айдың ішінде қозғалған қылмыстық істер бойынша тәркіленген тауарлардың сомасы 55 млн. 591 мың теңгені құрады. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 37 млн. теңгеге көп.
Сонымен қатар 599 әкімшілік іс қозғалды. 14 млн. 955 мың теңгеге айыппұл салынды. Онымен бірге кеден органына - 10 млн. 445 мың теңге айыппұл салынды, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.