ОҚО мектептеріне қазақтың белгілі тұлғаларының есімдері берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар орта білім мектептеріне белгілі тұлғалардың есімдері берілді , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметінің Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы «ҚР əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қаулысы бүгін баспасөз беттерінде жарияланды.

Оған сәйкес, «Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№120 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сабыр Рахымовтың есімі, «Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

Сондай-ақ «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Комсомол» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.