«Қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп естептелген. Еліміздің батыс өңірлерінде бұл күні «көрісу» амалы жасалады. «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген халқымыз үшін ата-бабалар рухына тағзым ету маңызды. Сондықтан, бүгін жастардың бастамасымен «Даңқ» мемориалы мен «Абай» саябағындағы шекарашылар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Осыдан кейін мешіттерде жұма намазына жиналған жамағатқа «Тағзым» күніне орай имамдар ғибратты әңгімелер айтып, Отан қорғау жолында бақилық болған бабалардың рухына құран бағышталды», - делінген баспасөз баянында.
Ал ертең Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралар «Алас күнімен» жалғасатын болады.