ОҚО-ның екі ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
ШЫМКЕНТ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Ордабасы аудандарына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш ауданының әкімі қызметіне 50 жастағы Әбдібақыт Тіллабайұлы Мақұлбаев тағайындалды. Ол осы лауазымға тағайындалмас бұрын Оңтүстік Қазақстан жануарлар және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында директор болып жұмыс істеген. Ол бұл қызметте аудан әкімі Жаппар Әлсейітовты алмастырды.

 Ордабасы ауданының әкімі болып 2010 жылдан бастап Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған 50 жастағы Данияр Ізбасарұлы Тілеубергенов тағайындалды. Оған дейін Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған Шоқан Кенжеев өз еркімен жұмыстан кетті.