ОҚО-ның екі тұрғыны «құтыру» алдын ала диагнозымен ауруханаға жатқызылды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - ОҚО-ның екі тұрғыны «құтыру» алдын ала диагнозымен ауруханаға жатқызылды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алғашқысы, 72 жасар ер адам Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен үш адам қарым-қатынаста болған.

Екінші жағдай Қаратөбеде тіркелді. Сексен жасар тұрғын аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен қарым-қатынаста болған төрт адам дәрігерлердің қарауына алынды.