Оңтүстік Қазақстанда қазақстандық үлесіне мониторинг жасалатын тауар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алумен айналыстан ұйымдардың қатарына үш кәсіпорын кіреді, олар - «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Химфарм» АҚ мен «Шымкентцемент» АҚ.
Әкімдіктің хабарлауынша, 2010 жылы осы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі 7 млрд. 435,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде қазақстандық үлес 5 млрд. 353,, млн. теңге немесе 72,0 пайыз болды. 6 млрд. 90,9 млн. теңгенің тауарлары сатып алынды, оның ішінде қазақстандық - 6 млрд. 990,1 млн. теңгеге. Нәтижесінде қазақстандық тауарлардың үлесі 58 пайызды құрады. Жұмыстар мен қызметтер 1 млрд. 343,7 млн. теңгеге алынды, ондағы қазақстандық үлестің көлемі 98,8 пайыз.