Халықаралық байқауда Қазақстан Республикасының атынан «Түркістан сарайы» концерттік ұйымының «FARAB» би театры қатысты.
Шейx Мансур бен Зайд Аль Наxаяның өтінішімен арнайы шақырту алған би тобы қазақтың ұлттық дəстүрлерін насихаттауда.
Айта кетейік, «Түркістан» сарайы «FARAB» би театрының құрылғанына төрт ай уақыт өтсе де, осы аралықта бірнеше халықаралық, республикалық сахналарда өнер көрсетіп жүр.