ОҚО-ның Сайрам ауданында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

None
 ШЫМКЕНТ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сайрам ауданының Ақсукент ауылында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының өңірлік өкілдігі ашылды.

Орталықта көрсетілетін қызметтер - тегін. Мұнда жобаларды қаржыландыру бойынша кеңестер мен көмек алуға, жеке істі ашу бойынша оқудан өтуге, сондай-ақ рұқсаттама құжаттарын рәсімдеуге және оларды алуға болады.

Жұмыстың бірінші күнінде 25 өтінім түсті, олардың үшеуі қаралып та үлгерді. Өңірлік бөлімшенің ашылуымен мұнда 6 адам жұмысқа орналасты, олардың 5-еуі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша келген жас мамандар.