ОҚО-ның шалғай ауданында емдеу мекемелері пайдалануға берілді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында 3 жаңа нысан пайдалануға берілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған үш нысан аудандағы  медициналық мекемелер қатарын толықтырды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жолдасбай Ералиев ауылдық округіне қарасты Арай елдімекенінде ел игілігіне берілген  дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 234 миллион теңге жұмсалған. Ғимаратта медициналық фельдшердік және акушерлік кабинет, екпе және түберкулезді емдеу бөлмелері бар. Ем-домдық кабинеттер толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Ондағы білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына қажетті медициналық көмек көрсететін болады
 

Ал,  Жаңа ауыл және Аязхан Қалыбеков ауылдық округінде фельдшерлік акушерлік пунктері ашылды. Аудан басшысы Ғалымжан Исмаилов денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған заманауи нысандар алдағы уақытта тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетететін айтты.
 

«Халықтың денсаулығы - мемлекеттің басты байлығы. Өйткені, дені сау адам әрқашан еңбекке жарамды болып, мемлекеттің дамуына үлесқ қосады. Халқымыз «Дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың да келешегі, көркеюі азаматтарымыздың денсаулығының жақсы болуында» - деді Ғалымжан Исмаилов.

Соңғы жаңалықтар