ОҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті табысты қызмет етіп келеді
Облыстағы табиғи байлықтарды, халықты, түрлi нысандарды берiк қорғауды қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық базаны нығайтуға, облыстағы өрт сөндiру-құтқару бөлiмшелерiн инновациялық техникамен қайта жарақтандыруға, жаңа үлгiдегi өрт сөндiру деполарының құрылысына және ең соңғы үлгiдегi арнайы техникаларды сатып алуға жыл сайын республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржы көлемi ұлғаюда. Сөзiмiздiң дәлелi ретiнде 2015 жылы Шымкент қаласындағы «Достық» жаңа шағынауданындағы штаттық саны 126 адам қызмет ететiн өрт сөндiру депосының ашылуын, Кентау қаласындағы ескi өрт сөндiру бөлiмiнiң күрделi жөндеуден өткенiн атауға болады. Жергiлiктi атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастық орнату нәтижесiнде ТЖД-нiң құтқару бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Соңғы жылдары оларды жабдықтандыруға 177 110 млн. теңге бөлiнiп, автомобиль және арнайы техника паркi 50%-ға жаңартылды. Жауынгерлiк және шұғыл дайындықты көтеру үшiн ТЖД-да заманауи өрт сөндiру және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары «Марш-Бронто» техникасы, апаттық-құтқару автокөлiктерi, өрттi зерттеуге мүмкiндiк беретiн және өрттiң шығу себептерi мен көздерiн анықтайтын өрт сөндiру зертханасы бар. Кез келген жолда жүре беретiн «Трекол» автомашинасы жол жабылған кезде және қар басып қалған жағдайда құтқару жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк бередi.