ОҚО-ның Ұлттық спорт мектебіне 10 жыл толды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұлттық спорт мектебі қаншама спортшыларды тәрбиелеп, ұлттық құрамаға қосып келеді. Биыл ашылғанына 10 жыл толған мектеп ұжымы айтулы күнді толағай табыстармен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мектепте қазақтың ат спорты мен қыз қуу, теңге ілу, бәйге, аударыспақ, сайыс, көкпар, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындары бойынша  спортшылар дайындалады.  Астанадағы ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесі аясында өткен барлық әлемдік деңгейдегі ат спорты  ойындары жарысында  дәл осы мектептің спортшылары. Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өткен  бірқатар ауқымды іс-шараларда аударыспақ ,теңге ілу,қыз қуу ойындарында ешкімге дес бермеді.  «Қазанат» ипподромында өткен көкпардан әлем чемпионатында  Қазақстан құрамасы сапында ОҚО облысының 5-шабандозы өнер көрсеткен болатын. Осы жарыста  Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының тұңғыш жеңімпазы атанды.  Сонымен қатар Ұлттық мектептің шабандоздары Ақтөбе қаласында өткен «Ақ бидай» ауыл ойындарында да топ жарды.  Ұлттық спорт мектебінде құсбегілік өнер  мен олимпиада бағдарламасына енген конкур спорты да дамып келеді.










Тағы асық ату мен ләңгі тебу спорты да жақсы жолға қойылған. Ендігі кезекте  осы спортты жаңғыртып, жыл сайын дәстүрлі түрде ойнауға спортшылар барымызды саламыз деп отыр.