Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жастар форумы осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы басқосудың өтуіне Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданының әкімдігі мұрындық болды.
Форумда сөз алғандар кемеңгер көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы көрегенділігін сөз етті. Жастар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары мен түрлі саладағы реформаларын тілге тиек етіп, кемеңгер көшбасшыға қарап бой түзейтінін жеткізді. Ал, бүгінгінің жастары қоғaмның экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, сaяси, мәдени һәм рухaни дaмуына зор үлесін қосуы тиіс. Себебі, ұлт болашағы жастарға сенім артады. Жиында сөз сөйлеген қатысушылар осындай ойларын ортаға салып, болашақ жоспарларымен бөлісті.