ОҚО Сарыағаш ауданында базар өртенді
11:10, 07 Қазан 2013
ШЫМКЕНТ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында базар өртенді.
ОҚО бойынша ТЖД-нің мәліметінше, түнгі екілердің шамасында «Жеті асыл» ЖШС базарының асханасы мен 3 контейнері өртенді. Жалынды ауыздықтауға 56 адам мен 58 техника жұмылдырылды. От 222 шаршы метр аумақты шарпыды.
Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.