Жәрмеңкеде 50-ден астам ауыл шаруашылық тауар өндірушінің өнімі ұсынылады. Оңтүстік өңірден елордаға 354 тонна өнім әкелінді, соның ішінде, 69 тонна ет өнімі, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс, 17 тонна картоп, 7 тонна сүт өнімі, 5 тонна шұбат, 7 тонна балық, 25 мың жұмыртқа және т.б.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды өнімдердің толық ассортименті ұсынылады. Барлық өнім базардағы бағадан 15-20% арзан сатылады. Жәрмеңке 2 және 3 шілдеде Оқушылар сарайының тұрақ аумағында (Б. Момышұлы даңғ., 5) өтеді.
Айта кетейік, кеше қала басшысы Ә. Исекешев әлеуметтік маңызды тауарларға баға қалыптастыру мәселесі бойынша кеңес өткізіп, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Осы бағыттағы пәрменді шаралардың бірі Қазақстанның ауыл шаруашылық жәрмеңкелері болып табылады.