Шымкент қалалық білім бөлімі ұйытқы болған шараға шаһар аумағындағы білім ошақтарының 9-шы сынып оқушылары қатысты. Өз тілін құрметтеп, өзге тілдің бәрін білуге бұл байқауда 44 мектептің оқушысы ынталы екендерін білдірді. Үкілеген үміт иелерінің білімін тәуелсіз сарапшылар бағалап, бақылады. Сыннан сүрінбей өткен шәкірттерге Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде тегін білім алуға жолдама берілмек.
Айта кетейік, 17 кәсіп бойынша маман даярлайтын оқу ұясы осылайша кіл мықтыларды жинаған, талабы таудай таланттылардың ордасына айналып отыр. Бұл байқауға сайдың тасындай іріктелген талаптылар қатысты. Солардың бірі - №25 мектеп-гимназиясының оқушысы Арайлым Оралбекова. Бұған дейін де талай байқауға қатысып, дара шыққан. Ол олимпиадаға қатысуының басты себебін алған білімін тексеру, нәтижесін көрумен, яғни өзін сынаумен түсіндіреді. Алға қойған мақсаты да айқын. Соның бірі 3 тілді бірдей жетік меңгерген білікті маман болу. Көп тіл білу - көп елді тану. Сол жұрттың мүмкіндігін мейлінше игеру. ХХІ ғасыр - ойы ерек, білімі зеректердің заманы. Бүгінгі оқушы бұрынғыдай емес. Осыны түсінген.
17:20, 01 Қараша 2016
ОҚО: Шымкентте тіл білгірлерінің сайысы өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елдегі үштұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында «Тіл дарын» деген атаумен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде білімділер сайысы болып өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.