Сондай-ақ, Азия чемпионаттары мен кубок жарыстарында 41 алтын, 41 күмiс, 35 қола еншiледi. Ал, әлем чемпионаттары мен кубоктары жолындағы сайыстарда жерлестерiмiз 45 алтын, 19 күмiс және 26 қола медальға иелiк еттi. Биыл бапкерлер 35 халықаралық дәрежедегi спорт шеберiн, 154 спорт шеберiн, 816 спорт шеберлiгiне үмiткерлердi даярлады.
Қазақстанның ересектер, жастар және жасөспiрiмдер құрамасына жалпы 1089 спортшы қабылданды. «Қазақстан барысы» турнирiнде Жұманазар Ерсұлтанов екiншi орынға иелiк еттi. Рио Олимпиадасында Жазира Жаппарқұл - күмiс, Отгонцэцэг Галбадрах қола медаль олжалады. Осы жетiстiктерге қарап жылды табысты өттi деуге негiз бар.Тәуелсiздiк алғалы облыста спорт кешендерi көбейдi. Халықаралық талаптарға сай «Мұз сарайы», жеңiл атлетика манежi, су спорты кешенi, жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң ғимараты, ескек есу базасы және өзге де көптеген спорт орталықтары тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бүгiнде өңiрдегi спорт нысандарының саны 5224-ке жеттi. Облыстық деңгейдегi 28 спорт мектебi, қалалық және аудандық деңгейдегi 59 спорт мектебi жұмыс iстеп тұр. Ендiгi меже - 2018 жылы Индонезияда өтетiн жазғы Азия ойындары мен 2020 жылы ұйымдастырылатын Токио Олимпиадасы. Азат елдiң арғымақтай алымды, арыстандай айбатты оғландары осы бәсекелерге дайындықты бастап кеттi.
09:50, 10 Желтоқсан 2016
ОҚО спортшылары биылғы жылды жемісті қорытындылап келеді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бергi 11 айда Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттары мен кубок ойындарынан 394 алтын, 389 күмiс және 385 қола медаль жеңiп алды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.