Ол өңірдегі спорт саласының жетістіктерін мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауымен байланыстырады. Мәселен 2017 жылы облыста 95 мемлекеттік меншіктегі спорттық мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның 30-ы облыстық, 65-і қалалық және аудандық мекемеге жатады. Ал, спорттық нысандардың саны былтырғы жылы 5 470-ке жетсе, 2016 жылы 5 350 болған.
«Елбасы халықтың салауатты өмір салты туралы айтқанда үнемі бұқаралық спортты дамыту керектігіне ерекше тоқталады. Міне, осы тапсырманы орындау мақсатында облыс аумағында 4 614 іс-шара өткізіліп, оған 540 мыңнан астам адам қатысты. Ал, ауылды жерлерде 2 884 спорттық іс-шара өткізіліп, 330 мыңнан астам азамат қамтылды. Нәтижесінде 2017 жылы облыста спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 770 мыңға жуық жанға жетіп, жалпы халықтың 26 пайызын құрады», - деді Әлібек Нұртаев.
Бүгінде облыс көлемінде 38 олимпиадалық, 25 олимпиадалық емес спорт түрлері дамытылуда. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде былтырғы жылы жерлестеріміз 1 189 медальді жеңіп алса, 2016 жылы 1 185 медальге ие болған. Осындай көрсеткіштерімен оңтүстік өңірі республикада көшбасында келеді.