ОҚО спортшылары жыл басынан бері 600-ден астам медальға ие болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Мұнан бөлек, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары, 2 күміс және 2 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 1 күміс медальге ие болды.
Сондай-ақ, өңірде осы уақыт аралығында 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 176 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Айта кету керек, облыс көлемінде 36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес спорт түрлері дамып келеді.