«Бұған дейін батпаққа батып жүрген оқушылар мектепке асфальт жаяужолымен қатынайтын болды. «Біркөлік» демалыс аймағындағы көшелер қос тараптағы көліктің бір мезетте өтуі үшін тарлық ететін. Ені 6 метр болатын жолдар 9 метрге дейін кеңейтіліп, асфальт төселуде. Туризмді дамытуға қолайлы ауданның демалыс орындарына келушілер енді еш кедергісіз серуендейтін болды», - делінген таратылған хабарламада.
Көшені кеңейтуді ауыл тұрғындары да қолдайды. Ұсынысқа қарсылық білдірместен, шарбақтарын өз еркімен бұзып, қоршалған жерді ел игілігіне беруде. Көпұлтты ұлыстар мекендеген таулы аймақтың тату жұрты «болашағымыз - бірлікте» дегенді айтады.
Төлебиді көркейту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Аудан ауылдарында қазір көшелерге арнайы жарықшамдар орнатылуда. Жол бойындағы қоршауларға да әр кірген, олар күрделі жөндеуден өтіп, сырланды. Ойдым-ойдым жолдар да жөнделді. Осылайша Төлеби ауданында халыққа ең қажетті дүниелер шешімін тауып, іргелі істер атқарылуда.