ОҚО туберкулез диспансерінің емделушілері дәрігерлерді нашар күтім көрсетеді деп айыптауда. ВИДЕО

None
ШЫМКЕНТ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық туберкулезге қарсы диспансерінің 20-дан астам емделушісі дәрігерлерге шағымдануда.

Туберкулезбен ауыратындар оларды нашар тамақтандырып, шикі ас беретінін, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектерді алмайтынын айтуда.

Дәрігерлер өз кезегінде режимді бұзған емделушілердің өздерін айыптауда. Ауруханада бүлік шығарылды, кейбір науқастарды күштеп емдеуге тура келеді.

Дәрігерлердің айтуынша, бұрынғы сотталушылар ауруханада өз ережелерін орнатуға талпынып отыр. ОҚО туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Салтанат Сақыбаеваның айтуынша, асхана тамақты 375 адамға дайындайды, үйдегідей тамақты әзірлеуге мүмкіндік жоқ.

Ауруханада дайындалған астың стандарттарға сәйкес келетініне сендіреді. Туберкулез диспансеріне облыстық тексеру комиссиясы барып, шағымданған адамдармен әңгімелесті.