Аудан басшысы Әуелхан Тұрғымбеков аталған жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлермен кездесіп, келісімшартқа қол қойылды. Жаңа зауыттарды құрылыс жұмыстары осы айда басталмақ. Жобалардың негізгі бағыты ауданның табиғи ерекшелігін ескере отырып, тамақ өнімдерін өндіру болып таңдалды. Оның ішінде жеміс-жидек, көкөністерді өңдеу, табиғи шырын шығару болып отыр. Алдағы уақытта ауданда таза табиғи өнімдерден шырынды сусындар мен ет өнімдерінен шұжық тағы басқа өнімдер дайындалатын болады. Кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін ауданда бау-бақшалар, мал шаруашылығы саласында кооперативтер құрылатыны айтылды. Алдағы уақытта индустриалды аймаққа тағы да 9 жоба орналастыру көзделуде.
Айта кету керек, Түлкібас көкөніс пен жеміс-жидек мол өндірілетін аудан. Түлкібастың алмасының өзі Оңтүстік Қазақстан облысының брендіне айналып үлгерді. Бұдан бөлек мал шаруашылығында да өзіндік ерекшелігі бар аудан. Өйткені бұл ауданда асыл тұқымды жылқы шаруашылығы қанатын жайып келеді. Қорыта айтқанда, ауданның әлеуеті жоғары.