ОҚО тұрғындары білікті медицина мамандарына тегін қаралды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық офтальмология ауруханасы «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл күні білікті дәрігерлер науқастарға тексеру-емдеу шараларын тегін жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Мамандар көзіне шағымданған тұрғындарға кеңестер беріп, қажетті емдік шаралар тағайындады.

«Түске дейін 150-дей адам тегін тексеруден өтіп, дәрігерлік кеңестер алды. 300-ден астам 11 түрлі аспаптық зерттеулер жүргізілді. Бірақ, біз уақытпен шектелмейміз. Соңғы пациентке дейін дәрігерлік көмек көрсетеміз», - деді аурухананың бас дәрігері Дулат Үдербаев.

 

Айта кетейік, аталған емдеу мекемесі микрохирургиялық операцияның 27 түрін және лазерлік операцияның 10 түрін жасайды. Жыл сайын 20-22 мың адам кеңес беру-диагностикалық емханасына қаралып, емдеу мәселелері бойынша кеңес алады. Мұнда арнайы суқараңғы (глаукома) кеселін емдеу, операциядан кейінгі науқастарды сауықтыру, оңалту, қан тамырлары патологиясын емдеу және лазерлік кабинеттер жұмыс істейді.

  

Соңғы жаңалықтар