Ал, төмен жағында бұл сүйек Сайрам ауданында табылғаны жөнінде жазылады. Тұрғындардың сөзінше динозаврға ұқсас қаңқа бір ғасырға жуық тұрған ескі үйді бұзып жатқан кезде табылғаны көрсетілген. Желі қолданушылар болса табылған сүйектер динозаврдың ежелгі түріне тиесілі екенін айтып, оны ғалымдарға жіберу керек, деп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін де Қазығұрт ауданының тұрғындары динозаврдың сүйегін тауып алдық деп елді шулатқан болатын. Кейіннен табылған сүйектерді зерттеген ғалымдар оның кәдімгі мысыққа тиесілі екенін анықтады.