Атап айтқандай, акция барысында 196 азаматтан 332 дана атыс қаруы қабылданған. Оның 47-сі ойық, 283-і тегіс ұңғылы қару. Сонымен қатар, тұрғындар ойық карабин мен травматикалық тапаншаларды да полицияға әкелген. Арнайы құрылған комиссияның қортындысымен 251 қаруды сатып алу туралы шешім қабылданды. Қажетті рәсімдерді жүргізгеннен кейін қару тапсырғандарға 13 миллион теңгеден астам қаржы төленеді.
Фото: nikolaev-city.net