ОҚО тұрғыны 9 килә героин сатуға әрекеттенген

None
ШЫМКЕНТ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Шұғыл-іздеу іс-шараларының барысында ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері героин сатушыны ұстады.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Мақтаарал ауданының тұрғыны 9 килә героинді сату кезінде ұсталды. Осы факті бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүгізілуде.