Сайрам аудандық прокуратурасының мәліметінше, Қарабұлақ ауылының тұрғыны Немаджан Шадиев жер кезегінде тұрып, 2008 жылы 22 соттық жер телімін алған. Ол жерге үй тұрғызып, қора-жайын салып болғанда жердің тағы бір иесі пайда болыпты. Шымкент қаласының тұрғыны шаруаға жердің құжаттарын көрсетіп, оны босатуын талап еткен. Не болмаса «ақысына 7 млн теңге бересің» деп шарт қояды. Онсыз да құрылысқа қыруар қаражат жұмсаған ауыл тұрғыны не істерін білмей, аудандық прокуратураға арызданыпты. Сайрамдық қадағалаушы орган өкілдері Немаджан Шадиевтың құжаттарын тексерген. Істің мәнісімен танысқан заң қызметкерлері құжаттардың түпнұсқаны тексеру үшін облыстық мұрағатқа сұраныс беріп, қажетті қағаздарды алғызады.
Нәтижесінде дауға айналған жер Немаджан Шадиевке тиесілі екені, ал аляқтың құжаттары жалған болып шыққан«Сайрам аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесімен жер теліміне қатысты жалған мемлекеттік актінің күшін жою туралы аудандық сотқа талап арыз берілді. Талап арыз толығымен қанағаттандырылды. Алайда соттың шешімін де заңсыз деп тапқан кісілер болды. Қарсы тарап облыстық сотқа, Жоғары сотқа талап арыз түсірді. Бірақ та ол талап арыздар қараусыз қалдырылып, Сайрам аудандық сотының шешімі өз күшіне енді. Бұл кісіге заң аясында берілген жері өзінде қалды», - дейді Сайрам ауданының прокуроры Оразалы Абдраманов.
Прокурорлардың сөзінше, аудандық жер кадастр бөлімінің маманы мен алаяқ Қарабұлақ ауылындағы тағы он үйге жалған мелекет акті жасаған. Қазіргі таңда ол екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іске бұрынғы ауыл әкімінің де қатыстылығы тексеріліп жатыр.