АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Жаңақала аудандық прокуратурасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары өңірдегі балабақшалардың қызметіндегі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер талаптарының сақталуына тексеру жүргізген. Шара барысында аймақтағы балабақшалардың бірінің директоры өкпе ауыруымен ауыратындығы анықталған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 466 бұйрығымен бекітілген туберкулезбен күрес туралы нұсқаудың 76-шы тармағында өкпе ауыруына шалдыққан адамдар мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына қатыстырылмайды деп көрсетілген.
Осыған орай аудандық прокурордың ұйғарымымен және білім беру бөлімі бастығының бұйрығымен аталған балабақша директоры лауазымынан босатылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.