деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Бұл туралы осы бүкіл әлемге танымал кітапханалардың өкілдері мәлімдеді.
Мәлім болғанындай, манускриптілер мен кітаптар негізгі үш тақырыптық сала: грек манускриптері, XV ғасырдағы басылған кітаптар және ежелгі еврей тіліндегі манускриптілер салалары бойынша сандық форматқа көшірілмек. Жобаны жүзеге асыру үшін материалдардың үштен екісін Ватиканның кітапханасы ұсынып отыр. Бұл идеяның авторлары оны жүзеге асыру осы екі кітапхананың орасан зор мұрағаттарын біріктірумен қатар, қалың оқырмандар мен зерттеушілер үшін ежелгі жәдігерліктерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді деп санайды.
Бұл жобаны жүзеге асыруға 2 млн. фунт стерлинг (3,17 млн. доллар) жұмсалмақ, бұл қаржыны британдық «Полонски фаундейшн» қоры беріп отыр.