Соңғы 5 жыл бойы рейтинг басынан түспеген Калифорния технология институты тізімнің 2 қатарынан орын алды. Ал 3-тен 9-шы қатарға дейінгілер былтырғы орнында қалды.
Үшінші орында - Стэнфорд университеті (АҚШ). Одан кейінгі орындарда Кембридж университеті (Ұлыбритания, 4), Массачусетс технология институты (АҚШ, 5), Гарвард университеті (АҚШ, 6), Принстон университеті (АҚШ, 7), Лондонның имперлік колледжі (Ұлыбритания, 8), Цюрихтегі Швейцар федералдық технологиялық институты (9), Берклидегі Калифорния университеті (АҚШ) тұр.
Зерттеуге барлығы 980 ЖОО қатысты.