Салыстырмалы түрде, 2025 жылғы фестивальға 6,5 миллион адам қатысқан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, келушілер саны рекорд деңгейде болуына қарамастан, жаңартылған қауіпсіздік және оңтайлы ұйымдастыру жүйесінің арқасында қонақтар мерекені тойлауда жайсыздыққа тап болмаған. Жаңа камералар, жасанды интеллект технологиясы және Crowd Spotting жүйесі фестивальды дұрыс ұйымдастыруға және қажет болған жағдайда кіруді уақытша шектеп отыруға мүмкіндік берді. Қауіпсіздік қызметтері мен полиция фестивальдағы жалпы тыныш және қонақжай атмосфераны атап өтті.
Октоберфесте қонақтар шамамен 6,7 миллион литр сыра ішкен, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,7%-ға көп. Ірі мекемелер де тамақ тұтынудың 2-3%-ға өскенін хабарлады.
Келушілер сонымен қатар алкогольсіз сусындар мен вегетариандық тағамдарды көбірек таңдаған.
Медициналық қызмет көмегіне жүгіну саны былтырғыдан 18,5%-ға өскен.
Фестивальда сонымен қатар қайғылы оқиға да болды. Күзетшіні аттракцион басып қалып, ол соның салдарынан жан тапсырған.
16 күн ішінде Октоберфест аумағынан 92 тонна қоқыс жиналды.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, Октоберфестің халықаралық деңгейдегі танымал аймақтық фестиваль болып қала бермек. Қонақтардың көпшілігі биыл да Мюнхен және соған жақын өңірлерден жиналды. Шетелдік қонақтардың басым көпшілігі АҚШ, Италия және Аустрия елдерінен келді.
Еске сала кетейік, Алматы бір ай бойы Alma Qala фестивалін тойлады.