Оқу-ағарту министрі: Таяуда білім саласына қатысты жаңалықты жариялаймыз
13:11, 30 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы жаңа оқу жылында ешқандай пән жойылмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.
- Жаңа оқу жылында ешқандай пән жойылмайды. Дегенмен, қазір сарапшылар қауымымен кеңесіп жатырмыз. Бұл ретте, барлық жаңалықты тамыз айында жариялаймыз. Биыл 17 тамызда дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясын өткізуді жоспарлып отырмыз. Сол кезде барлық жаңа өзгерістерді айтамыз, - деді Ғ. Бейсембаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол жаңа қадамдар әлі талқыланып жатқанын және олар бойынша түбегейлі шешім қабылданбағанын айтты.
Жақында Ғани Бейсембаев мұғалімдерді артық жұмысқа тарту күрт төмендегенін айтқан еді.