Мемлекеттің көрсеткен қолдауының нәтижесінде адам капиталын дамыту қажеттілігі мен маңыздылығы және білім саласындағы реформаларды жүргізуді жан-жақты қолдау шаралары Қазақстан Республикасындағы білімнің қарқынды дамуы мен өсіп-өркендеуінің негізі болып табылады.
Мұражайдың білім бағдарламасының негізінде Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Зияткерлік ұлт-2020» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат - зияткерлік элитаны қалыптастыра отырып, Қазақстан халқын бәсекеге қабілетті ету. Мұражай бүкіл білім мекемелерімен ынтымақтастық негізінде жүйелі жұмыс атқаруда.
XXI ғасырда мәдениет пен зияткерлік элитаны қалыптастыру арқылы қоғамдағы білімділік деңгейін шешуге бағытталған ортақ бағдарламаның негізінде мынадай серіктестердің «ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы - балабақша - мектеп - колледж - жоғары оқу орны» тығыз қарым-қатынасының арқасында мұражайлық сабақтар, кездесулер, балаларға арналған мерекелер өткізілетін Лекторий жүзеге асырылуда.
Жоғары мектеп ректоратымен кездесудегі басты мақсат - мектеп түлектерінің таңдаған білім мекемесінде кәсіби кадрларды дайындаудағы инновациялық тәсілдердің болуы, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігіне ие болу. Ұлттық стратегтердің, басқарушылардың және ұйымдастырушылардың болашағы таңдау жасаған білім мекемелерінің тарапынан ұсынылған білім қызметінің сапасына байланысты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайындағы кездесуге №№ 4, 17, 15 мектептерінің үздік түлектері мен мектеп президенттері шақырылды.
Қатысушыларға жоғары мектеп атынан ректорлар мен проректорлардың мектеп түлектерінің алдында толыққанды ақпарат беретін арнайы бағдарлама әзірленді.