НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектеп оқушылары арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқу жылы басталған сәттен бері 7 571 оқушы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 2158 оқушы – оффлайн режимде, 5413 – онлайн режимде білім алған. Үшінші тоқсанда 3 597 оқушы ауырып қалды. Оның ішінде 1111 – оффлайн, 2486 бала - онлайн режимде оқитындар», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында.
Бұған дейін Айжан Есмағамбетова 2022 жылға дейін маска тағу қажеттігін айтқан еді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.