Оның айтуынша, әлемде COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай өрши түсуде. Коронавирус инфекциясы бойынша республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр (5 қарашадағы жағдай).
«Пандемия басталғаннан бері Көкшетау қаласында COVID-19 зертханалық расталған 13 641 жағдайы тіркелді. 5 қарашада 94 жағдай тіркелген, оның ішінде 11-і – оқушылар арасында. Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 14 адамды құрады, аурушаңдық азайып келеді», - деп атап өтті Қ.Ысқақов.
Алайда, өлім-жітімнің жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, өткен тәулікте Көкшетауда індеттен 2 адам көз жұмды.
Көкшетаудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, бүгінгі таңда 217 адам ауруханаға жатқызылды, 27 науқас – реанимацияда, олардың барлығы оттегіне тәуелді. Науқастардың 99 пайызы вакциналанбаған. Қыркүйек айының басынан бері 29 орта білім беру мекемесінде оқушылар арасында коронавирустың зертханалық расталған 269 жағдайы анықталды.
«Олардың 244-і штаттық режимде оқыды. Бесінші қарашадағы жағдай бойынша 13 білім беру мекемесінде 15 бала карантинде жатыр. Барлығы амбулаториялық негізде үйде ем қабылдауда», - деді Қ.Ысқақов.