Оқудан шығарылған қазақстандық студент биік үйдің шатырынан құлап ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калининградта 18 жасар Қазақстан азаматы өз-өзіне қол салды.

Оның мәйітін облыс орталығындағы Ленин даңғылы бойында орналасқан Кеңестер Үйінің маңынан тапқан. Жас жігіт биік үйдің шатырынан секірген, деп хабарлады өңірлік РТКТБ.

Алдын ала деректер бойынша калининградтық ЖОО-лардың бірінде бірінші курста оқитын 18 жасар қазақстандықты оқудан шығарып жіберген. Осыны көтере алмаған жігіт өз-өзіне қол жұмсаған.

7 ақпан күні кешке ол құрбысымен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, биік ғимараттан секіріп, өмірмен қош айтысатынын жеткізген.