Оқулық іріктеу қалай іске асады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Оқулықтарды іріктеудің жаңа жүйесі енгізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білімжәне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы кеңесте оқулық сапасы сараптаудыңәлсіздігінен зардап шегетінін айтты.

«Оқулықсапасын сараптауға қатысты сын көп. Иә, оған үздік мұғалімдерді тартамыз. Бірақжақсы мұғалімнің бәрі мықты сарапшы емес. Кез келген мұғалім оқулыққа сараптамажасай алмайды. Ал біз бұрын сараптама жасап көрмеген ұстаздарды жинап аламызда, қолдарына оқулық ұстатамыз. Жүйенің өзі дұрыс болмаған соң, нәтижесі дебелгілі. Оқулық сапасын нағыз мамандар сараптауы тиіс», - деді министр.

Келешектеоқулыққа сараптама жасайтын мұғалімдер сертификаттаудан өтіп, сарапшылар пулына топтасатын болады. АсхатАймағамбетов осылай ғана оқулық сапасын арттыруға болады деген пікірде.

«Саладағыжағдайға көңіл толмайды. Оқулық дайындау, оның сапасын сараптау, іріктеужүйесіне өзгеріс енгізетін боламыз. Сондықтан, ендігі оқулық басу кезеңінде менбарлық баспаларға осы айтылған мәселелерді ескеруді тапсырамын. Мұндайбассыздықтарға жол беріп қоя алмаймыз. Нақты шешімдер қабылдап, жүйелі жұмыс жүргізетінкез жетті», - деді министр.