Оқушылар енді ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады

АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы қоңырау қарсаңында отандық тегін BilimClass электрондық журналы ерекше акция ұйымдастырып жатыр. Платформа мүмкіндігін мектеп оқушыларымен қатар олардың ата-аналары да пайдалана алады.

Фото: BilimClass

Осылайша жыл бойы балаларға білім беріп, қолдау көрсеткен мұғалімдердің еңбегіне деген шынайы құрметті виртуалды түрде білдіруге болады. 

Фото: BilimClass

— Енді әрбір оқушы ұстазын жылдам әрі шығынсыз құттықтай алады. Гүл шоғын сыйлау үшін оқушылар мен ата-аналар BilimClass платформасындағы гүл белгішесін басып, мұғалімдерді таңдап, оларға жүрекжарды тілегін жазып жібере алады. Науқан 26 мамырға дейін жалғасады. Ол күні мұғалімдер барлық гүл шоқтарын алып, оқушыларынан келген хаттарды оқи алады, — дейді BilimClass өнім жетекшісі Фархат Үсен.

Айта кетейік, бұл платформаны Қазақстанның 13 өңірінде 2,2 миллион оқушы мен 300 мыңнан аса мұғалім қолданады. Оның құрамына мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және терең аналитика да кіреді. Жүйе толықтай отандық және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік береді. 

Фото: BilimClass

Платформаны цифрлық білім беру технологиялары саласында 15 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Bilim Group IT холдингі әзірлеген. 

Бұған, дейін 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілгенін жаздық.