Оқушылар Сенат қызметімен танысып, депутаттарға сұрақ қойды

Фото: Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордалық оқушылар Қазақстан Республикасының заң шығарушы органы — Парламент Сенатына барды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Экскурсия сенаторлар Нұртөре Байтелесұлы Жүсіп пен Айнұр Серікпайқызы Арғынбекованың жетекшілігімен өтті. Олар балаларға Сенаттың қызметі, құрылымы және негізгі міндеттері туралы әңгімелеп берді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқушылар жалпы отырыс залына, халықаралық кездесулер залына, электрондық музейге, баспасөз орталығына және комитеттік тыңдаулар мен дөңгелек үстелдер өтетін кабинетке барды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

— Олар заң шығару процесінің қалай жүзеге асатынын өз көздерімен көріп, сенаторларға сұрақтар қойып, парламенттік қызметтің маңыздылығын тереңірек түсінді, — делінген хабарламада.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Экскурсия шынайы азаматтық сабаққа айналып, балаларды ел өміріне қызығушылықпен қарауға шабыттандырды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордалық оқушыларға сынып сағатын өткізгенін жаздық.