Үкімет отырысының қорытындысына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері вице-министрден студенттер мен оқушылар үшін жасанды интеллектінің ақылы тарифін тегін жасау мүмкіндігін сұраған еді.
Сауалға жауап берген министрдің айтуынша, былтыр министрлік OpenAI-мен келісімшартқа қол қойып, 165 мың ChatGPT Edu лицензиясын мұғалімдерге таратып берген.
— Қазіргі уақытта сол 165 мың лицензияның 118 мыңын мектеп мұғалімдерінің, университет оқытушыларының қолдануға мүмкіндігі бар. Олар осы платформаны жұмысында, балаларды оқыту барысында қолдануға, көмек алуға мүмкіндігі бар. Оқушыларға келер болсақ, дәл қазіргі уақытта ондай мақсат алдымызда тұрған жоқ, бірақ болашақта мүмкіндік болған жағдайда міндетті түрде ақпарат береміз, — деді Ғиззат Байтұрсынов.
Бұған дейін Қазақстан 2026 жылы білім беру жүйесі аясында ChatGPT Edu платформасын енгізуге кіріскен әлемдегі алғашқы елдердің бірі болғанын жазған едік.