Оның сөзінше, мұндай тәсіл бала жасанды интеллектіні өз бетінше жұмыс істеуден жалтарудың жолы емес, білім алуға көмектесетін құрал ретінде пайдалануы үшін арнайы енгізілген.
– Біз жүйені тіпті «2 2» деген сұраққа да дайын жауап бермейтіндей етіп жасадық. Бұл не үшін қажет? Жасанды интеллектімен дұрыс жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және баланың өз бетінше дамуына мүмкіндік беру үшін, – деді Ерсайын Бекболатов.
Оның айтуынша, жүйе оқушыға бірден нәтижені көрсетпейді. Алдымен тапсырманы орындау қағидатын түсіндіріп, шешімге бірге келуді ұсынады.
Осылайша жасанды интеллект оқу барысында көмекші рөл атқарады, ал оқушы материалды өзі түсініп, жауапты өз бетінше табуы қажет.
Сонымен қатар жасанды интеллект оқытуды әр оқушының білім деңгейіне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Платформада нақты оқушының дайындығын ескере отырып тапсырмалар құрастыру қарастырылған. Білім деңгейі әртүрлі балаларға күрделілігі әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Бұған дейін Ерсайын Бекболатов қазақстандық WONK білім беру AI-платформасы еліміздегі 33 мектепте пилоттық сынақтан өткенін айтқан. Платформа сабаққа дайындалу, сабақ материалдарын әзірлеу, тестілеу, оқушыларды қолдау, ата-аналарға арналған сервистер және мектеп әкімшілігіне қажетті аналитиканы бір жүйеге біріктіреді.
Айта кетейік, бірнеше пәннен жылдық бағасы «2» болған оқушы оқу жылын қайта оқуға қалдырылады.