Оқушы Торайғыров көшесі, 56 мекенжайы бойындағы тұрғын үйдің ауласында жүргенде қоқыс жанында иттің үріп тұрғанын көріп, барған кезде көлемі 25 сантиметр жаралы құсты байқап қалған деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
«Мен әкеме қоңырау шалдым», - дейді Дариға. - Ол қолғап киіп, қорапқа салып қойды. Үйге әкелгеннен кейін су мен нан бердік. Бірақ ол жеган жоқ. Біз оның жыртқыш құс екенін сол сәтте білмеген едік. Біраз уақыттан соң ветеринарлық клиникаға барғанымызда оның Орта Азия елдерінде Қызыл кітапқа енгізілгені туралы айтты. Құсты қарап шыққан кезде табанын мысық тырнап алғаны немесе біреу теуіп жібергені белгілі болды.
Дариғаның сөзінше, шөл жерлерде кездесетін сұңқар Кенжекөлде бүркіт пен сұңқар өсіретін адамға тапсырылған. - Бізге оның қалыпқа келуіне бір ай уақыт керек екенін айтты, - дейді ол. - Құсқа ет береді. Себебі ол тышқандар мен сарышұнақтарды аулайды. Егер бір айдан соң ұшып кетпесе, сол жерде қалады. Одан адамға ешбір қауіп жоқ».
Айта кетейік, бидайық - сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кездеседі. Таулы-тасты жерлерді, жарлар мен құздарды мекен етеді. Ұясын биік, тік жартастарға салады, басқа құстардың ұяларын да пайдалана береді. Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында қорғалады. Алматы хайуанатттар паркінде бидайықтың екі жұбы тіршілік етеді. Бидайық сирек кездесетін құс болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.