Болашағынан зор үміт күттіретін кәмелетке толмаған оқушы бапкерді әдейі өлтіруі мүмкін бе?
Оқ атқан кезде 25 жастағы жаттықтырушы Андрей Киселев оқушысының қалай оқ ататынын бақылауға дайындалып, үстелге отырады. Кенет алдында тұрған оқушының оқыс бұрылып атқан оғы бапкердің басына тиеді. Дәрігер шақыртылғаныменжаттықтырушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмады. Жасөспірімнің айтуынша, ол қаруда оқ жоқ деп ойлаған.
Қайғылы оқиға 13 маусымда болғанымен, бақылау камерасында жазылған видео жақында Интернетке шығып, көпшіліктің талқысына түсті.