Оқушы жұлдыз жүйесін пайдалана отырып майя халқының бір қаласын тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық 15 жасар мектеп оқушысы Уильям Гадури (William Gadoury) майя өркениетіне қызығушылық танытады, деп жазады Journal de Montreal басылымы.

Бірнеше жыл бұрын оның басына үндістер аспандағы жұлдыздардың орналасуына қарап қалалар салды деген ой келген. Оқушы ежелгі қоныстардың картасын жұлдыздар картасына қойып салыстырып, тағы да бір белгісіз қаланың қайда орналасқанын дәл айтып берген.